- Артықшылықтары
- ·100 000 000 теңгеге дейін — Бизнесіңіз үшін көлік алуға арналған кредит
- ·60 айға дейін — Кредитті өтеу үшін өзіңізге қолайлы мерзімді таңдаңыз
- ·Бастапқы салым: Автокөлік құнының 20%-інен басталады
Жүк көліктері негізінде сатып алынатын техникаға немесе арнайы техникаға қандай талаптар қойылады? Арнайы техникаға қойылатын талаптар оның жағдайына байланысты өзгереді: Жаңа арнайы техника (жүрілмеген, қолданыста болмаған): Өндіретін елдер бойынша шектеу жоқ. Қолданыста болған немесе пайдаланылған арнайы техника кепілге қабылдау кезінде шығарылған күннен бастап 2 жылдан аспауы тиіс: Өндіруші ел: Оңтүстік Корея, Германия, Жапония, АҚШ, Канада, ТМД елдері (Ресей Федерациясынан басқа).
Сатып алынатын автокөлікті сақтандыру керек пе? Иә, қаржыландырудың бүкіл мерзіміне міндетті КАСКО сақтандыруы (барлық тәуекелдерден кешенді автомобильдік сақтандыру) қажет.
Жеке тұлғаның автокөлігін сатып алуға бола ма? Иә, сатып алынатын автокөлік иесін қарыз алушы өзі таңдайды, шектеулер жоқ.
Сатып алынатын автокөлікті үшінші тұлғаға ресімдеуге бола ма? Жоқ, автокөлік қарыз алушыға рәсімделуі қажет.
Кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма? Иә, айыппұлдар мен комиссиясыз кредитті мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.