
Экспорттық саудалық қаржыландыру
KazakhExport · Қаржыландыру · KazakhExport · Аумағы көрсетілмеген — ұйымнан нақтылаңыз
Шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру үшін енгізілген құрал. Қаржыландыру шетелдік компанияларға есеп айырысудың аккредитивтік нысаны шеңберінде қазақстандық банктер арқылы қазақстандық тауарларды сатып алу үшін беріледі
Ескертпе
Сақтандыру тәртібі
- Экспорттаушы мен шетелдік сатып алушы экспорттық келісімшартқа қол қояды
- Шетелдік сатып алушы өз банкіне (эмитент-банк) экспорттаушы банктің пайдасына аккредитив шығаруға өтінім береді (растаушы банк)
- Шетелдік сатып алушы банк (эмитент-банк) растауды қосуға сұраныспен аккредитив шығарады
- Экспорттаушы банк (растаушы банк) және KazakhExport сақтандыру шартын жасасады
- Экспорттаушы тауарды жеткізуді жүзеге асырады және өзінің банкіне (растаушы банкке) аккредитив талаптары бойынша жөнелту құжаттарын ұсынады
- Қаржыландыру мерзімі 2 жылға дейін болған кезде KazakhExport экспорттаушы банкте жөнелту құжаттарының сомасына банктік салымды орналастырады, ол өз кезегінде экспорттаушыға төлем жасайды. 2 жылдан астам мерзімде банк өз қаражаты есебінен қаржыландырады
- Шетелдік сатып алушы банк (эмитент банк) орындамаған міндеттеме бойынша KazakhExport экспорттаушы банктің (растаушы банктің) пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асырады
Саяси тәуекелдер
- Аккредитивтің Эмитент-банкі елінің мемлекеттік органының келісімшарт бойынша жеткізілетін тауарды/көрсетілетін қызметті экспроприациялау, тәркілеу бойынша іс-әрекеттері немесе Банктің аккредитивті орындауға кедергі келтіретін, кемсітушілік сипаттағы қызметіне қол сұғушылығы
- Эмитент-банктің аккредитив бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін Эмитент-банк еліндегі соғыс, азаматтық толқулар, жаппай сипаттағы тәртіпсіздіктер
- Эмитент-банк елінің мемлекеттік органының еркін айырбасталатын валютаға айырбастауды және/немесе аккредитив ойынша төлем аударуды шектейтін немесе оған тыйым салатын іс-әрекеті
Коммерциялық тәуекелдер
- - Эмитент-банктің банкроттығы
- - Эмитент-банктің аккредитив талаптарымен айқындалатын мерзімде төлемді орындамауы
Өтінімді қалай беру керек
- 1
Экспортер и зарубежный покупатель подписывают экспортный контракт
- 2
Зарубежный покупатель подает заявку в свой банк (банк-эмитент) на выпуск аккредитива в пользу банка экспортера (подтверждающий банк)
- 3
Банк зарубежного покупателя (банк-эмитент) выпускает аккредитив с запросом на добавление подтверждения Банк экспортера (подтверждающий банк) и Экспортно-кредитное агентство Казахстана заключают договор страхования
- 4
Экспортер осуществляет поставку товара и предоставляет отгрузочные документы по условиям аккредитива в свой банк (подтверждающий банк)
- 5
При сроке финансирования до 2 лет Экспортно-кредитное агентство Казахстана размещает банковский вклад на сумму отгрузочных документов в Банке экспортера, который в свою очередь производит оплату экспортеру. При сроке более 2 лет – банк финансирует за счет собственных средств
- 6
По обязательству, невыполненному банком зарубежного покупателя (банком-эмитентом), Экспортно-кредитное агентство Казахстана осуществляет в пользу банка экспортера (подтверждающего банка) страховую выплату
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл бағдарлама үшін бизнес-жоспар керек пе?
Жеңілдікті несиелер мен мөлшерлемені субсидиялау үшін банк жобаны бағалайды, және қаржы моделі бар бизнес-жоспар құжаттар пакетіне дерлік әрқашан кіреді; нақты тізбесін серіктес банк немесе бағдарлама операторы береді. Гранттар үшін бизнес-жоспар міндетті және комиссия алдында қорғалады. Бұл бетте шарттардың дереккөзі мен біз оларды салыстырған күн көрсетілген, ал төменде бағдарлама тізбесіндегі қызмет түрлері бойынша дайын бизнес-жоспарлар іріктелген.
«Алдын ала сәйкес келеді» деген нені білдіреді?
Біз сіздің қызмет түріңізді, өңіріңізді, сомаңыз бен мақсатыңызды бағдарламаның жарияланған шарттарымен салыстырдық. Осы шарттар бойынша сәйкестік мақұлдауды білдірмейді: банк немесе оператор кепілді, қаржылық жағдайды, несие тарихын және құжаттарды қосымша тексереді. Егер бағдарламада қандай да бір деректер болмаса, біз «нақтылау қажет» деп көрсетеміз және нені екенін жазамыз.
Жақсы бизнес-жоспар болса да банк неге бас тартады?
Банктердің өз деректері бойынша бас тартулардың көбі есептерге емес, кепілге байланысты: мүлік құжаттарындағы қателер, заңдастырылмаған қайта жоспарлау, өтімсіз нысан. Одан кейін жұмыс істеп тұрған бизнестің тұрақсыз қаржысы, мөлдір емес айналым және несие тарихы келеді. Бизнес-жоспар жобаға қатысты сұрақтарды жабады, бірақ кепіл құжаттары мен таза есептілікті алмастырмайды, сондықтан үш бөлікті де бірге дайындау керек: жобаны, кепілді және есептілікті.
Несие комитеті бизнес-жоспардағы қандай қателерді бірінші байқайды?
Негіздемесіз көтерілген сатылым жоспары, ескерілмеген салықтар мен еңбекақы қоры, төмендетілген шығыстар, несиені өтеу көзінің жоқтығы, бөлімдер арасындағы сандардың алшақтығы және сатылым құлаған жағдайға арналған сценарийдің болмауы. Дайын жинақта барлық есептер бір модельден есептеледі, сондықтан бөлімдер арасында алшақтық жоқ, ал жазбада беріктік қорының есебі бар тәуекелдер бөлімі бар.
Грантқа бизнес-жоспарды қорғау қалай өтеді?
Өтінім толтырылған шаблонмен портал арқылы беріледі, содан кейін жоба аудан немесе қала комиссиясына ұсынылады. Комиссияның әр мүшесі бес өлшемшарт бойынша балл қояды: идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарығының пысықталуы, қаржылық тұрақтылық, өтінім берушінің кәсіпкерлік дағдылары және жұмыс орындарын құру. Есептері бар жинақ екінші және үшінші өлшемшартты жабады, қалғаны сізге байланысты, сондықтан қорғауға жобаңыздың сандарын жатқа білген жөн.
Грантты неге жұмсауға болады?
Бизнес-идеяларға арналған гранттардың шарттары бойынша қаражат құрал-саймандарға, жабдыққа, техникаға, мал мен құсқа, көшеттер мен тұқымға, үй-жай жалдауға жұмсалады. Жеке қажеттіліктерге, несиелерді өтеуге, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға, жер сатып алуға және акцизделетін тауарларға жұмсауға болмайды. Модельдегі салымдар құрылымы рұқсат етілген баптарға сәйкес келуі тиіс, әйтпесе комиссия өтінімді қайтарады.